КГКП "Ясли-сад №11"

Қазақша

Соседние разделы

Русский
Тауарды сатып алуға
азаматтық-құқықтық шарт
№  
Қашар п.                                                                                                                                                                           жыл «  »
 
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын Рудный қаласының әкімдігі «№11 балабақша» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын атынан меңгеруші  (Т.Ә.А.)  тұлғасында 2014ж. 05.03. № 410  Жарғының  негізінде әрекет ететін, бір тараптан және бұдан әрі (мекеменің атауы)  атынан «Жеткізуші»  деп аталатын (Т.Ә.А.)  тұлғасында, (құжаттың атауы) негізінде әрекет ететін, екінші тараптан. Әрі қарай «Тараптар». Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсанынан  (2015 ж. 24.11. қалпы бойынша толықтырулар мен өзгертулер) және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылдың 31 желтоқсандағы № 717 негізінде осы азаматтық-құқықтық шарт Шарт жасасты  (әріғарай - Шарт) және  төмендегі туралы келісімге келісті:
  1. Жалпы Ереже
  1. Төменде аталған құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
  1. осы Шарт;
  2. сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшеліктері және тізбесі (1 қосымша);
2. Азаматтық –құқықтық шарттың заты
  1. Осы азаматтық –құқықтық шарттың ажырамастық бөлігі болып саналатын, Тапсырыс берушінің сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшеліктері және тізбесіне (1 қосымша) сәйкес саны және сапасы жағынан Жеткізуші азық-түлік (бұдан әрі – Тауар) жеткізуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші Тауарларды қабылдауды және төлеуді міндетіне алады.
3. Тауарды алудың тәртібі мен талабы
3.  Жеткізуші Тапсырыс берушінің өтініші бойынша тауарды жеткізуді жүзеге асырады.  
            4. Жеткізуші 1 қосымшада көрсетілген мерзімде және орында Тапсырыс берушіге тауарды жеткізуге міндетіне алды.
                                                                4. Тауардың бағасы мен төлеу тәртібі
5. Шартың бағасы нақты және Шарт орындау кезінде өзгертілмейтін болып табылады.
            6. Тауарды жеткізуде Жеткізуші келесі құжаттарды ұсыну:
1)Қазақстан Республикасының Салық кодексінің талаптарына сәйкес рәсімделген Жеткізушінің шот-фактурасы;
2)шығын-жөнелтпе құжаты немесе жүкқұжат.
7. Төлем тауар жеткізілгеннен кейін ақшасыз Жеткізушінің есеп шотына аудару арқылы Тапсырыс берушімен қол қойылған шот – фактурасы мен тауарлық жүкқұжатының негізінде немесе бір тараптың және екінші тараптын өкілі арқылы, мезгілсіз төлем қаржының түсуімен жүргізіледі. 
            8. Ілеспе қызметтерге баға және салықтар Шарттың соммасына енгізілуі тиіс. «Ілеспе көрсетілетін қызметтер» Тауарларды беруді қамтамасыз ететін қызметтерді, мәселен, жеткізу, монтаждау, іске қосу, техникалық жәрдем көрсету, оқыту қамтылатын кез келген басқа да көмекші қызметтер және Жеткізушенің  осы Шартта көзделген басқа да осыған ұқсас міндеттерін білдіреді.
            9. Аванс беру қарастырылмаған.
10. Шарттың орындауын қаржыландыру көзі жекеменшік қаржы болып табылады.
5. Тауардың сапасы мен кепілі
            11.  Осы Шарт шеңберінде жеткізілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының стандарттарында көрсетілген талаптарына сәйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиіс.
           12.Тауарлар Қазақстан Республикасының нормативтік-техникалық құжаттарының талаптарына сәйкес көрсетілуі тиіс және қажет болған жағдайда тауарлар жайлы толық және анық ақпараттар берілуі тиіс.
           13. Жеткізуші жеткізетін тауарлардың сапасына және қауіпсіздігіне кепілдеме береді. Егер Тауарларды жеткізу нәтижесінде қалдықтар пайда болса, Жеткізуші экологиялық талаптарына сәйкес олардың шығаруын, кәдеге жаратуын және басқа әрекеттерді өткізуге міндеттенеді.
          14. Тапсырыс беруші жазбаша түрде кепілдікке байланысты барлық жетіспеушілік жайлы Жеткізуші хабар етуге құқылы. Егер Жеткізушінің өкілі қатысуымен ақаулар, жетіспеушіліктер әшкерленгенде, Жеткізушімен тауарларда ақауларды, жетіспеушіліктерді жою үшін Тапсырыс берушіден хабарлама керек емес.
          15. Жоғарыдағы хабарламаны алғаннан соң Жеткізуші өз есебінен тауарларда немесе оның бөлігінде ақауларды, жетіспеушіліктерді тез арада жою қажет.
         16. Жеткізуші Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындау үшін рұқсат беретін қажетті барлық құжаттарының (лицензиялар, сертификатар және т.б.) түгелдігіне кепілдеме береді. Егер Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін лицензия немесе өзге рұқсат ететін құжаттар қажет болса онда Жеткізуші Шартқа қол қойған сәтінен бастап 5 күннің ішінде айтылмыш құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиісті.
6. Шартқа толықтырулар мен өзгерістер енгізу
            17. Екі тараптың келісімі бойынша шартқа толықтырулар мен өзгерістер енгізу мүмкін, егер осы Кодексте қарастырылмаған болмаса, басқа да заңнама актілер мен шартпен.    
            18. Шартқа толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы келісім, сол формада, шарт сияқты жүзеге асырылады, егер заңнама шарт немесе іскерлік айналымнан тұрмаса.    
            19. Шарт өзгерту кезінде тарапттың міндеті өзгертілген түрде іске асуын жалғастырады.
            20. Шартты өзгерту немесе тоқтату туралы талап басқа тараптан шартты өгерту немесе тоқтату туралы ұсынысқа мерзімінде жауап алмағаннан кейін ғана, ұсыныста көрсетілген немесе заңнамада шартта орнатылған, ол болмаған жағдайда – отызкүндік мерзімде тарап сотқа өтініш бере алады.
            21.Бір тараптың талабы бойынша шарт өзгертіледі немесе тоқтатылады, сот шешімі бойынша егер:
                   1) басқа тарап шарт бұзған жағдайда;
                   2) басқа да заңнама актілер немесе шартпен, осы Кодексте қарастырылған басқа жағдайларда.
Шарт жасасу кезінде өзіне тиесілі құқықтан айырылып, бір тарап екінші тараптың салдарынан залал тартса, шарт тоқтатылды деп саналады.
            22. Шарт тоқтату кезінде тараптардың міндеттері тоқтатылады.
            23. Шартты бұзған немесе өзгерткен жағдайда міндеттер тоқтатылды деп саналады немесе шартты өзгерту немесе тоқтату туралы тараптың келісімге келуінен бастап өзгертілген болса, егер тарап келісілмесе немесе шарт өзгеруіне байланысты, сот тәртібінде шартты тоқтату немесе өзгерту кезінде – шартты тоқтату немесе өзгерту туралы сот шешімі заңды күшіне енгенен бастап.
            24. Егер заңнама актілерімен немесе тараптардың келісімімен орнатылмаса, шартты өзгерту немесе тоқтатудан бұрын тараптар міндеті орындалып болғанан кейін қайтаруды талап етуге құқысыз.
            25. Бір тараптың салдарынан шарт бұзылса, егер шартты тоқтату немесе өзгерту үшін негіз болса, басқа тарап шарттың тоқталуы немесе өзгерту себебінен болған шығынды қайтаруға талап етуге құқылы.  
            26. Бір тарап шартты орындаудан бас тарту (шарттан бас тарту) тараптың келісімі бойынша немесе басқа да заңнама актілерімен, осы Кодексте қарастырылған жағдайларда қарастырылады.  Бір тарап шартты орындаудан бас тартуға құқылы мына жағдайларды:
              1) шарта негізделген міндеттерді орындамау мүміндігі  (осы Кодекстің  
374  бабы);
              2) егер банкрот және ақтау туралы Қазақстан Республикасы заңнама актісінде орнатылмаған жағдайда, тәртіп бойынша басқа тарап банкрот ретінде танылса;
            27.  Бір тарап шартты орындаудан бас тартқан жағдайда, екінші тарапты бір айдан кешіктірмей ескертеді, егер ол осы Кодексте, заңнамалық актілермен немесе тараптардың келісімінде қарастырылмаласа. 
            28. Тараптар шарт мерзімін  жаңа мерзімге ұзартуға құқылы. Шарт мерзімін ұзарту осы Кодекстің  
397 бабының ережесі бойынша жүргізіледі.
7. Тараптардың жауапкершілігі
           29. Осы азаматтық-құқықтық шарттың бұзылуына тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына келісіліп жауапкершілік жүктеледі.  
          30.  Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Жеткізуші Шартта көзделген мерзімде тауарларды жеткізе алмайтын болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін жеткізілмеген тауарлардың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.
         31. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша өзінің міндетерін үшінші тұлғаға жүктемейді немесе үшінші тұлға қарызын талап етуге құқығын бермейді.
8. Форс-мажор
          32. Жеткізуші, егер Шартты орындауды форс-мажор жағдайларының нәтижесінде кешіктіретін болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.
          33. Осы Шарттың мақсаты үшін «форс-мажор» Жеткізушінің есебіне және салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы Жеткізуші тарапынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин мен тауарларды беруге эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.
          34. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Жеткізуші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Жеткізуші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды ол орынды болғанынша жалғастырады және форс-мажор жағдайларына байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін жүргізеді.
9. Талқылау және келіспеушілік
          35. Тапсырыс беруші мен Жеткізуші тікелей келіссөздер жүрісінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.
         36. Егер Шарт бойынша міндеттемелер орындалмаса немесе тиісті орындалмаса, Шарт бойынша талқылаулар Қостанай қ. орналасқан сотында қаралатын болады.
10. Жол-жобаның қорытындысы
         37. Шарт заңды бірдей күші бар болатын мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалынды. Әртүрлі оқу аудармаларында шарттың орыс тіліндегі редакциясы дұрыс деп саналады.
        38. Осы Шартта реттелмеген байланыстар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Заңнамасына сәйкес реттеледі.
        39. Атауын және (немесе) деректемелерін өзгерткен тарап жазбаша хабарлама жіберу жолымен екінші тарапқа хабарлайды, бұл ретте Шартқа өзгертулер енгізуге талап етілмейді.
        40. Барлық қосымшалар мен қосымша келісімдер осы азаматтық-құқықтық шартың бөлінбес бөлігі болып табылады.
        41. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.
       42. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді, ол бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты.
       43. Осы шарт оған қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді және 1 қосымшада көрсетілген мерзімнің соңында дейін іске асады.
11.  Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Тапсырыс беруші:
Рудный қаласының әкімдігі «№ 11балабақша»
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
111507 Қостанай обл.,  Қашар п.,
3 шағынаудан, 2 ғимарат
СТН 391900216983
БСН 070140006679
ЖСК KZ 316010221000041530
БСН  HSBKKZKX
«Қазақстан Халық банкі» АҚ
КБе 16
Тел. 8( 71456) 2-15-85
меңгеруші
__________________ (Т.Ә.А.)                               
        (қолы)                   

 
Жеткізуші:
Мекеменің атауы
Мекен жай
СТН
ЖСН
ЖСК
БСН
Банктің атауы
КБе 
Тел.
 
________________ (Т.Ә.А.)  
             (қолы)