КГКП "Ясли-сад №11"

Паспорт группы

«Түймедақ» тобының төлқұжаты
Топта 18 бала бар, оның ішінде 12-сі ұл, 6-ауы қыз. Балалардың жасы - 3 жас.
                                                       Тәрбиешілер:

Түлеубекова Ләззат Түлеутаевна
                                     
Жоғары білімді. Еңбек өтілі: 3 жыл.


Артыкбаева Лариса Бахытовна
                                   Орта арнаулы білімді. Еңбек өтілі: 3 жыл


Көмекші тәрбиеші:  Искакова Диана Мұратқызы
                                                                      Орта арнаулы білімді.

Қабылдау бөлмесі:
Жеке заттарға арналған шкафтар (заттық суреттері бар), орындықтар. Ата-аналарға арналған ақпараттық стендтер: сабақ кестесі, хабарландырулар, ақпараттар. Өрт болған жағдайда эвакуация жоспары, алып шығу материалдары салынған себет. Серуенге арналған жабдықтар сөресі және т.б.


 

Топ бөлмесі:
Оқу аймағы:
Магниттік тақта, кілем, танымдық әдістемелік материалдар (Дьенеш блоктары мен Кюизенер таяқшалары), геометриялық пішіндер жинағы, ойыншықтар және т.б.


Табиғат және эксперимент жасау бұрышы:
Үй өсімдіктері, су құю құтысы, эксперимент жасауға арналған материалдар, күнтізбе және т.б.


«Достық» бұрышы:
Қазақстан, Ресей, Англия туралы материалдар және т.б.


Кітап бұрышы:
Балалар әдебиетінің жинағы, қазақ және орыс жазушылары мен ақындарының портреттері, қазақ, орыс және ағылшын халық ертегілері.
Театрландыру бұрышы:
Киізден жасалған «Қоянның үйшігі» театры, саусақ театры, үстел театры, көлеңке театры, драматизацияға арналған маскалар, қуыршақ театры.


Балалардың шығармашылық бұрышы:
Сурет салуға арналған материалдар – акварель бояулары, түрлі-түсті қарындаштар, сурет шаблондары, бояу кітапшалары, қылқаламдар. Мүсіндеуге арналған материалдар: пластилин, пышақтар, тақтайшалар, салфеткалар. Аппликация және қолөнерге арналған: желім, қылқалам, түсті қағаз, түсті және ақ картон, қайшылар, аппликация үлгілері, «Қағазбен жұмыс» альбомы.



 

Сюжеттік-рөлдік ойын бұрышы:
  • «Дүкен»: таразы, касса, халат, бас киім, әмияндар, бағалар, ақша, ойын жағдайларына арналған материалдар: азық-түлік, көкөністер мен жемістер, кеңсе заттары, ұсақ ойыншықтар, телефон, рация, қазақ тұрмысына арналған заттар.
  • «Кітапхана»: картотека, кітаптар, карточкалар, қарындаш, қалам.
  • «Дәріхана»: халат, бас киім, рецептер, мақта, дәке, дәрілер, жақпалар, таблеткалар, шөптер.
  • «Аурухана»: халат, бас киім, рецептер, карандаш, қағаз, фонендоскоп, термометр, қысым өлшегіш, шприцтер және т.б.
  • «Отбасы»: тұрмыстық заттар, қуыршақтар.
  • «Шофер»: түрлі маркалы машиналар, рөлдер, бас киім, ЖҚЕ материалдары.
  • «Шаштараз»: айна, тарақтар жинағы, қайшылар, фен, шаш бояуы.
  • «Балабақша»: қуыршақтар, жиһаздар, ыдыстар, медициналық жабдықтар.
  • «Кафе»: мәзір, киім, ақша, ыдыстар.
  • «Ателье»: мата, тігетін машинка, инелер.
  • «Құрылыс»: құралдар.
  • «Пошта»: сөмкелер, газеттер, хаттар.
  • Конструкторлар, мозаика, пазлдар.
     
Еңбек бұрышы:
Алжапқыштар, күрекшелер, шағын тазалау құралдары, мата сүрткіштер, ойыншықтарды жуу және қуыршақ киімдерін жууға арналған заттар.
ЖҚЕ бұрышы:
Қала мен көше макеті, жол белгілері, көліктер, бағдаршам, ойындар.
Денсаулық бұрышы:
Доптар, сақина лақтыру, массаж төсеніштері және т.б.

Ұйықтайтын бөлме:
25 кереует, тәрбиешілердің әдістемелік материалдары сақталатын шкаф, ойынға арналған жиһаздар.


Жуынатын бөлме:
Жеке сүлгілерге арналған шкафтар, тарақтар, дәретхана жабдықтары, тазалық құралдары сақталатын шкаф.
comments powered by HyperComments